Спорттық гимнастикадан Токиодағы бақылау жарысы мамырда өтеді

11 Ақпан 2021, 21:00
1030
Бөлісу:
Спорттық гимнастикадан Токиодағы бақылау жарысы мамырда өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық гимнастика федерациясы коронавирусқа байланысты Токио Олимпиадасына іріктеу турнирлерін кейінге қалдырды.

Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлайды.

Әлемдік ұйым жекелеген көпсайыстан әлем кубогының екі кезеңі өтпейтінін мәлімдеді. Жалпы алғанда, серия төрт кезеңнен тұратын: Милуоки (АҚШ), Штутгарт (Германия), Бирмингем (Ұлыбритания) және Токио (Жапония).

Алғашында аталған турнирлер 2020 жылдың мамыры мен сәуірі аралығында өтеді деп жоспарланған. Бірақ COVID-19 індетіне байланысты Милуокидегі турнирлердің басқасы 2021 жылға ауыстырылды.

Әзірге Токиодағы бақылау жарысының нақты өту-өтпеуі белгісіз. Аталған сын 4 мамырда ұйымдастырылады деген болжам бар.

Қазіргі таңда спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы 98 квотаның 82-сі өз иесін тапты. Әйелдер арасында 84 жолдама иегерлері анықталған.

Қалған лицензиялық әлем кубогы кезеңдері мен құрлық біріншіліктерінде таратылады.

Өзгелердің жаңалығы