Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда спорттық гимнастикадан ел біріншілігі өтті.
Әйелдер көпсайысынан Көркем Ербосын (Шымкент) І орын иеленді. ІІ орынды Аида Бауыржанова (Нұр-Сұлтан), ІІІ орынды талдықорғандық Александра Шаметько мен қарағандылық Дарья Ясинская қанжығасына байлады.
Ерлерден алматылық Ілияс Азизов үздік шықты. Шымкенттен келген Фарух Набиев - екінші, Диас Тойшыбек үшінші орынды қанағат тұтты.