Елімізде пара дзюдо спорт түрі қарқынды дамып келеді. Спортшылардың деңгейі өсіп, біліктілігі артты десек артық айтпағанымыз. Осы ретте BAQ.KZ тілшісі пара дзюдодан ұлттық құрама командасының басшысы Айдын Әнәпинмен сұхбаттасты.
- Биыл пара дзюдодан Қазақстан чемпионаты қалай өтті? Былтырғы жылғы ел чемпионаттарынан айырмашылығы бар ма?
- Иә, Былтырғы жылмен салыстыратын болсақ айтарлықтай қатысушалар мен өңірлердің саны өсті. 2023 жылы 9 өңірден 76 спортшы қатысқан болса, биыл 14 өңірден 101 спортшы келді. Сондай-ақ, бұрын әйелдер арасында бәсеке аз болса, қазіргі таңда ол тенденция жақсарды. Өздеріңізге белгілі пара дзюдодан әлем чемпионы атанған Ақмарал Науатбек, Азия чемпионтаның жүлдегерлері Даяна Федосова және Альфия Тлекқабыл сынды спортшылармыз бұған себепші десек артық болмас.
- Жалпы ел чемпионатының мақсаты қандай? Жарыстан не күтеміз?
Қазақстан чемпионатының басты мақсаты мықтыларды анықтап, ұлттық құрамаға іріктеу. Құрамаға кірген спортшыларға оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырып, халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеміз. Биыл паралимпиадалық жыл болып есептеледі. Сондықтан төртжылдықтың басты бәсекесіне қатысу үшін ірі халықаралық жарыстарға қатысып, үздіктер қатарынан көріну керек.
Биылғы жылы пара дзюдодан 3 рейтингтік Гран-при жарысы бар. Бірінші жарыс 13-19 ақпан күндері Германияның Гейдельберг қаласында, екіншісі наурыз айында Түркияда және соңғысы мамыр айында Грузия елінде өтеді. Осы аталған жарыстардың қортындысына сәйкес, спортшыларға Паралимпиада ойындарына лицензия алу мүмкіндігі бар.
- Лицензияны кімдер алады? Кімдерден үміт күтуге болады? Паралимпиада ойындарына баратын спортышлардың есімі белгілі ме?
- Халықаралық ережеге сәйкес әлемдік рейтинте өз спорты, өз класы бойынша бірінші жетілікке ғана кіретін спортшылар Паралимпиада ойындарына жолдама алады. Қазіргі таңда біздің 8 спортшымыз әлемдік рейтинтегі үздік жетілікке кіріп тұр. Оның ішінде Олжас Оразалыұлы мен Ақмарал Науатбек әлемдік рейтингте бірінші орында тұр. Осы 8 спортшымыз алдағы уақытта лицензия алады деп отырмыз. Дегенмен алдағы Гран-при жарыстарына байланысты лицензия саны көбейеді деген үміттеміз. Маусым айында лицензиялар толық таратылып бітеді. Сол кезде кімнің Паралимпиада ойындарына қатысатындығын білетін боламыз.
- Токиода өткен Паралимпиада ойындарында спортшыларымыз 3 медаль алды. Осы жетістікті қайталауға үміт бар ма?
- Иә, бұл нәтижені Париж-2024 Паралимпиадасында жақсартамыз деген жоспарымыз бар. Себебі ұлттық құрама спортшылары және жаттықтырушылары өте ауқымды жұмыс атақарып келеді. Өткен Токио Паралимпиадасымен аралықтағы циклда барлық қажетті оқу-жаттығу жиындары өткізілді, халықаралық жарыстарға қатысып көрсеткіштерді жаңарттық. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан тиісті қолдау бар.
- Париж-2024 Паралимпиада ойындарына дайындық жұмыстары қалай өтеді? Ерекше еңгізіп жатқан техника, арнайы оқу-жаттығу жиындары, арнайы мамандарды тарту сынды қандайда бір жаңашылдықтар бар ма?
- Паралимпиада ойындарына 2024 жылға арнайы жоспар әзірленді. Осы алдағы маусымдағы Гран-при жарыстарынан кейін тыңғылықты жазғы дайындық басталады. Оқу-жаттығу жиындарымыз Қырғызстанда Ыстық-көлден бастаймыз. Одан әрі дайындық ел ішінде Алматы облысы мен Түркістан облысында биік таулы және орта таулы аймақтарда өткізетін боламыз. Себебі мұндағы спорттық базалар біздің пара дзюдошыларға өте ыңғайлы.
Сондай-ақ, Астана қаласында спорт академиясы ішінде ғылыми орталық бар. Осы ғылыми орталықпен тығыз жұмыс жасау жоспарланған. Қазіргі таңда туризим және спорт министрлігі тарапынан ғылыми оратлықпен келіссөздер жүргізілуде. Нәтижесінде жаттығуымызға, стратегиямызға ғылыми негізделген нұсқаулықтарды енгізетін боламыз.
- Елімізде пара дзюдо күресі айтарлықтай жақсы дамып келеді. Осыған не себепші?
- Бұған басты себепші ол біздің спортшыларымыздың халықаралық аренадағы нәтижелері. Мысалы айта кететін болсақ Рио-2016 Паралимпиада ойындарына қатысқан Ануар Сариев болды. Оның жетістіктері өзге де спортшылардың пара дзюдоға келуіне ықпал болды десекте артық болмас. Бұл жетістіктерді көріп білген Зарина Байбатина, Даулет Теміржан деген спортшылар ұлттық құрамаға келіп, Токио Паралимпиадасында күміс жүлдегер атанды. Осындай жеңістердің арқасында пара дзюдошылардың саны арта түсуде.
Сондай-ақ, елімізде пара дзюдо федерациясының ашылуыда сепебші болды. Қазіргі таңда 17 өңірде федерацияның филиалдары бар. Онымен қоса жаңадан құрылған облыстарда да ашу жоспарда бар. Осы аймақтық филиалдардың жұмысының нәтижесінде елімізде бұл спорт түрі тұрақты даму үстінде. Биылғы Қазақстан чемпионатында рекордтық 101 спортшы қатысып жатыр. Осының барлығы аймақтағы жұмыстардың жемісі десек болады.
- Ішкі резервті қалыптастырып, балалар мен жасөсіпірмідері бұл спортқа тарту бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
- Бұл мәселені пара дзюдо федерациясының қолға алып жатқан маңызды жұмыстарының бірі. Себебі мектептерде пара дзюдо сынды үйірмелер және осы көру қабілеті зақымданған балалармен жұмыс жасайтын мамандар тапшы. Сол себептен Қазақстан пара дзюдо федерациясы тарапынан пилоттық режимде Астана қаласында тек балаларға арналған арнайы пара дзюдо үйірмесін енгізу жобасын іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл зағип жандарға арналған оратлықтармен тығыз байланыстағы жұмыс болады. Өйткені әр өңірде аталған арналған орталықтар бар. Федерация тарапынан қажетті татами, кимано басқа да құрал жабдықтар беріліп, арнайы мамандарды бекітіп, балалармен жұмыс жасауды қолға алуда. Егерде бұл пилоттық жоба жақсы нәтиже көрсететін болса, өзге де өңірлерге еңгізу жоспарда бар. Осылайша біз балаларды, жасөспірімдерді спортқа баулу арқылы жоғарғы жетістіктегі спортқа бағыт бағдар беріп, жол ашатын боламыз.
- Уақыт бөліп сұхбат бергеніңізге рахмет. Еліміздің пара дзюдо спортшыларына алдағы дүбірлі додаларда тек алдыңғы шебінен көрініп, үлкен жеңістермен қуантуына тілектеспіз!