Спорт саласындағы педагогтардың жалақысы жыл сайын 25%-ға өседі

3 Қыркүйек 2020, 12:52
1607
Бөлісу:
Спорт саласындағы педагогтардың жалақысы жыл сайын 25%-ға өседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов Үкімет үйінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Бүгінгі таңда елімізде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 5 млн-нан астам адам шұғылданады, бұл халықтың 30,6%-ын құрайды. Кешенді жоспарға сай бұл көрсеткішті 2025 жылға дейін 7,5 млн астам адамға жеткізу көзделген, бұл шамамен 45%-ды құрайды, - деді ол.
Вице-министр 2019 жылы 11 жаңа балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылғанын алға тартты.
Бүгінде елімізде дені сау ұрпақ қалыптастыру мақсатымен балалар мен жасөспірімдер үшін жағдай жасалып келеді. Мысалы, 2019 жылы 11 жаңа балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Елімізде 477 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 350 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер спорттың түрлерімен шұғылданады. Бұл ретте аталған спорт мектептеріндегі секциялар тегін негізде өткізіледі. Мемлекет басшысы балалар энергиясын дұрыс арнаға бағыттаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл үшін балалар мен жастардың шығармашылық әлеуеті мақсатында өңірлерде ұлттық қолөнер орталықтарын ашу жоспарлануда, онда жас ұрпақ өкілдері шығармашылық және қолөнер негіздерін меңгеретін болады, - деді ол.
Бүгінгі таңда осындай кешендердің бірі Жамбыл облысындағы «Шахрестан» орталығы. Бұдан басқа, Түркістан қаласындағы Халықаралық Туризм және қонақжайлылық университеті кешенінің базасында қолөнерлік орталығы ашылады. Осы орталықтардың жұмыс істеу тәжірибесін зерделегеннен кейін ел өңірлерінде қолөнер орталықтарының желісін кеңейту бойынша одан әрі жұмыс жүргізілетін болады.
Сондай-ақ, Жолдауда мұғалімдердің әл-ауқатын арттыруға және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың жалақысын 25%-ға арттыруға назар аударылды. Бұл бағытта министрлік тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр. Мысалы, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мәдениет және спорт саласындағы мамандандырылған мектептер мен колледждер қызметкерлерінің жалақысы 2023 жылға дейін жыл сайын 25%-ға ұлғаятын болады. – деді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы