Спорт саласын дамытуға бөлінген 269,3 млн теңгені жымқырып қойған

4 Шілде 2023, 09:05
571
Бөлісу:
Спорт саласын дамытуға бөлінген 269,3 млн теңгені жымқырып қойған
Фото: Арман Мухатов - архив

ҚМА дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаржылық мониторинг агенттігі дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысының ұрлануының алдын алу бойынша жұмыс істеп жатыр.

Спорттық-сауықтыру іс-шараларының, нысандардың, құрама командалардың, бұқаралық спорттық іс-шаралардың, федерациялардың рейтингісі мен қауіптері көрсетілген тізбесі қалыптастырылды. Сондай-ақ, саланы қаржыландырудың жолдары мен көлемі, оның ішінде демеушілік көмек көлемін анықтау бағытында жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылдың 6 айында ғана агенттікте жалпы сомасы 269,3 млн теңге залалы бар 21 іс тергеліп жатыр, - деп хабарлайды ҚМА.

Айта кетейік, ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес, 2019-2023 жылдар аралығында спортты дамытуға шамамен 300 млрд теңге бөлінген.

Агенттік тауарлар мен қызметтерді жоғарылатылған бағамен сатып алу, қызмет көрсетудің нақты орындалмауы және басқа да бұзушылықтар бойынша талдау жүргізеді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатының ұрлануына жағдай туғызатын себептерді анықтау және мұндай заң бұзушылықтардың алдын алатын тетіктерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарлануда.

ҚМА мемлекеттік бюджет қаражатын жымқыру үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы