2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша еліміздегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат колледждерін 1200-ден астам жас түлек тәмамдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша еліміздегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат колледждерін 1200-ден астам жас түлек тәмамдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Олар енді ұлттық құрама сапын толықтыруға дайын. Қазіргі таңда Қазақстанда осындай бағыттағы 19 оқу орны жұмыс істейді.
5-еуі республикалық маңыздағы оқу орны;
14-і – өңірлік деңгейдегі мектеп-интернат колледждер.
Республикалық оқу орындарынан 490 түлек аяқтап шықты. Ал 730-дан астамы өңірлік спорттық оқу орындарын аяқтады.
Республикалық оқу орындары арасында түлектер саны бойынша көш бастап тұрған өңірлер белгілі болды.
Алматы қаласындағы РМҚК "Республикалық олимпиадалық резервтің мектеп-интернат-колледжі" – 129 түлек;
К.Ахметов атындағы республикалық мектеп – 124 түлек;
Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық мектеп – 99 түлек;
Республикалық спорт колледжі – 93 түлек;
Риддер қаласындағы олимпиадалық резерв мектебі – 45 түлек.