Спорт мәселелері бойынша кеңейтілген көшпелі кеңес өтті

8 Сәуір 2022, 18:54
2064
Бөлісу:
Спорт мәселелері бойынша кеңейтілген көшпелі кеңес өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 сәуірде Қарағанды қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен спорт мәселелері бойынша көшпелі кеңейтілген кеңес өтті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, облыстардың, Нұр-Cұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары және өңірлердің дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары қатысты. 

Кеңес барысында ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің өңірлердегі және  министрлікке бағынысты мекемелеріндегі мониторингтік топ жұмысының қорытындысы шығарылып, Қарағанды, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы дене шынықтыру мен спортты дамыту перспективалары туралы баяндамалар тыңдалды, сондай-ақ ағымдағы өзекті мәселелер талқыланды.

Спорт мәселелері бойынша кеңейтілген көшпелі кеңес өтті

Кеңесті ашқан Дәурен Абаев Қарағанды қаласы ел өңірлеріндегі спорт саласының жай-күйі мен қажеттіліктерін зерделеу мақсатындағы бастапқы нүкте саналатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл жұмыс Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша жүргізіліп отыр. Негізгі мақсат - отандық спортты дамытудың кешенді жоспарын қалыптастыру.

Бұдан әрі министр Министрліктің спортты дамыту жөніндегі жұмысының негізгі бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Атап айтқанда, бұл бұқаралық және балалар спорты, спорттық инфрақұрылым және жоғары жетістіктер спорты.

Бұл тұрғыда бұқаралық және балалар спортын дамытуды ерекше атап өту керек. Үкіметтің соңғы отырысында Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру мәселесі жеке блок ретінде қаралды. Аталған тетіктің сапасы әкімдіктер жұмысының тиімділігін бағалау индикаторларының бірі болып табылады. Тағы бір басымдық – командалық спорт түрлері бойынша ұлттық мектеп және студенттік лигаларды дамыту, міндетті түрде ауылдық деңгейдегі оқу орындарын тарту, - деді Дәурен Абаев.

Өз кезегінде спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев бұқаралық спортты дамытудың алдағы жоспарлары туралы айтып берді. 

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бұқаралық спортты дамыту және насихаттау мақсатында, 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласының оң тәжірибесін ескере отырып, 2022 жылдың мамыр айынан бастап «Қолжетімді спорт» жобасын республиканың бірқатар өңірлерінде жүзеге асыру жоспарланған, - деп атап өтті комитет төрағасы.

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру комитетіне және облыс әкімдіктеріне тиісті тапсырмалар берілді: республикалық басым спорт түрлерінің тізбесін бекіту және айқындау жөнінде заңнамалық шаралар қабылдау; кәсіби клубтарды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру кезінде бекітілген лимиттердің сақталуын қамтамасыз ету; ауылдық жерлерде тез тұрғызылатын спорт модульдерін салу бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін қолдану; жан басына шаққандағы қаржыландыру спортқа бөлінетін қаражаттың жалпы сомасының кемінде 10% - ы құрайтындай  лимит белгілеу және т. б.

Спорт мәселелері бойынша кеңейтілген көшпелі кеңес өтті

Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында Дәурен Абаев қаланың спорттық инфрақұрылымымен егжей-тегжейлі танысты. Министр «Атлант» спорт кешеніне, Saryarka Table Tennis пен теннис орталығына барды. Сонымен қатар, министр Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Қаракөз» спектаклін тамашалап, азаматтарды қабылдады.

Спорт мәселелері бойынша кеңейтілген көшпелі кеңес өтті

 

Өзгелердің жаңалығы