Созылмалы ауруға шалдыққан адамдарды вакциналау басталады

19 Наурыз 2021, 17:00
2398
Бөлісу:
Созылмалы ауруға шалдыққан адамдарды вакциналау басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сәуір айында 1 миллионнан астам қазақстандық вакцина алатындығы жайлы хабарлама жариялады.

Бүгінгі таңда Қарағанды фармацетикалық кешенімен жасалған келісімшарттарға сәйкес, 600 мың доза жеткізіледі. Қазір қосымша вакциналар алу үшін «Спутник V» вакцинасын өндіруші тараппен келіссөздер жасалуда. Вакцина қазақстандық компанияда жасалады, - деді  Есмағамбетова.

Ол сәуірде қазақстандықтарға вакцина салу жалғасатынын айтты.

Алғашқы кезеңде вакцинаны медициналық қызметкерлер мен педагогтарды, қарулы күш құрылымдарының өкілдері алды. Біз осы категорияларға вакцина салуды жалғастырамыз. Вакцинаның жеткізілу көрсеткішіне қарай, созылмалы ауруға шалдыққан адамдарға екпе жасау басталады. Өйткені бұл азаматтардың коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары деңгейде. Сондай-ақ медициналық-әлеуметтік топтар мен жабық нысандарда жұмыс істейтін азаматтарға екпе жасалады. Осы бағытта вакцина жасау жалғаса береді, - деп хабарлады комитет төрағасы.
Раушан АРМАНҚЫЗЫ
Өзгелердің жаңалығы