Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Генадий Головкин қызметіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Головкиннің айтуынша, жаңа лауазымда ел атынан әрекет ету - зор мәртебе.
Маған Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетін басқаруды ұсынғанда, қазақстандық спортты дамытуға өз үлесімді қосуға мүмкіндік берсе ғана, кандидатурамды ұсынатынымды айттым. Өздеріңіз білетіндей, мен саясаткер де, шенеунік те емеспін. Өз әрекетімді сөзбен емес, іспен дәлелдеп үйренгенмін. Осы орайда, менің өз көзқарасым, жылдар бойы жиналған халықаралық тәжірибем барын, команда барын айтқым келеді. Ал ең бастысы және менің көптен бергі қалауым – мұның бәрін өзімнің туған елімде жүзеге асыру, - дейді Головкин.