СOVID-19. Індетті тұмаудан қалай ажыратуға болады?

4 Ақпан 2022, 17:06
1331
Бөлісу:
СOVID-19. Індетті тұмаудан қалай ажыратуға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақтөбедегі №6 қалалық емхананың дәрігері Әділбек Исмайлов хабарлады. Оның айтуынша, коронавирус инфекциясын штамдарға бөлгенімізбен, симптоматикалық тұрғыда клиникасына қарап ажырату өте қиын.

Өйткені COVID-19 инфекциясының жалпы клиникасы бір-біріне өте ұқсас. Бастапқыда қарапайым тұмау инфекциясына ұқсаса, кейін асқынғанда қаупі жоғарылайды. Сол себепті мұны білмейтін қарапайым халық ескермей, асқындырып алатын жайттар кездеседі. Коронавирусты тұмаудан ажыратудың бір жолы ғана бар: ол – вирусологиялық тексеру, – деп атап өтті Әділбек Исмайлов. 

Яғни бүгінгі күні ПТР-сынама арқылы ғана індеттің бар-жоғын анықтау мүмкін.

Вирусология ғана оның қай түрге жататынын ажыратып, бөліп береді. Өкінішке қарай, басқаша жолмен коронавирус па, тұмау ма, оны айқындау мүмкін емес, – деді дәрігер. 

Сонымен қатар дәрігер Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық ахуалға тоқталды.

Қазір өңір бойынша «Омикрон» штамы тіркелген жоқ. Бірақ халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын тоқтатпау қажет. Қорғанудың бір жолы – вакцина алу болса, екінші жағынан маска киіп, санитарлық талаптарды сақтауға шақырамын. Вирус ДНҚ деңгейінде еніп, адамнан адамға ауа-тамшылы жолмен басқаларға жұғатынын ескеріңіздер, – деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы