СOVID-19. Австрия міндетті вакцинацияны тоқтатты

9 Наурыз 2022, 19:22
1364
Бөлісу:
СOVID-19. Австрия міндетті вакцинацияны тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австрия билігі коронавирус инфекциясына қарсы міндетті вакцинацияны тоқтатты. Бұл туралы РИА-Новости хабарлады. 

Австрия індетке қарсы міндетті вакцинацияны уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған. 

Денсаулық сақтау министрімен кеңескен соң біз міндетті вакцинацияны тоқтата тұрған дұрыс деп шештік, - деді Конституция мәселелері бойынша министр Каролине Эдтштадлер. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта екпе алудың іс жүзінде міндетті болуы шарт емес. Сонымен қатар міндетті вакцинациялауды уақытша тоқтата тұру ел өкіметіне жағдайды әрі қарай бағалауға мүмкіндік береді. 

Австрияда коронавирус дертіне қарсы міндетті вакцина алу туралы заң биыл 5 ақпанда күшіне енген болатын. Заң бойынша Австрияда тіркелген 18 жасқа толған барлық азаматтар екпе алуға міндетті болып саналды. Тіпті, 15 наурыздан бастап міндеттеменің сақталуын тәртіп сақшылары бақылауда ұстайды деп жоспарланған. Ал жыл бойы салынатын айыппұл көлемі 3,6 мың еуроға дейін жетеді деп күтілген еді.  

Өзгелердің жаңалығы