СOVID-19. 70 мыңға жуық елордалық үшінші мәрте екпе алған

7 Ақпан 2022, 15:48
1203
Бөлісу:
СOVID-19. 70 мыңға жуық елордалық үшінші мәрте екпе алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. 

Оның айтуынша, індетке қарсы күресте вакцинация мен ревакцинацияның маңызы өте зор. 

Бұл жеке қауіпсіздік мәселесі және ұжымдық иммунитет мәселесі тарапынан да өзекті. Ұжымдық иммунитетті құру арқылы ғана вирустың бірінен екіншісіне таралу тізбегін үзіп, пандемияны тоқтатуға болады. Қазіргі уақытта қала бойынша І компонентпен вакцинацияланғандар саны – 502 318 адам. Ал ІІ компонентті 469 602 адам салдырған.  Ревакцинация қатарына тиесілі  адамдардың 69 077 немесе 28,2%-ы ғана екпе алды, - деп атап өтті Сархат Бейсенова. 

Сондай-ақ ведомство басшысы коронавирусқа қарсы иммундау, ең алдымен, отбасының, балалар мен қарт ата-аналардың денсаулығы үшін қажет деп отыр. 

Соңғы санаттағы адамдарда бар кедергілер бойынша вакцина алу мүмкіндігі жоқ. Егер айтарлықтай кедергілер болмаса, мүмкіндігінше тезірек вакцинация және ревакцинация алу қажет.  Вакциналардың бес түрі қолжетімді. Олар: «QazVac», «Спутник V», «Спутник Лайт», «Vero Cell», «Comirnaty/Pfizer». Айналаңыздағы адамдардың денсаулығы қамқорлық жасау үшін берілген осы мүмкіндікті пайдалану – әркімнің таңдауы, - деді астананың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері. 

Өзгелердің жаңалығы