Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттығы Мемлекеттік кірістер органдарымен жүргізілетін болады.
Арызды азамат «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, яғни E-gov және ХҚКО арқылы электрондық нысанда береді. Бұдан басқа, «E-salyg Azamat» қосымшасы арқылы арыз беру мүмкіндігі іске асырылады, - деді вице-министр.
Ақпараттық жүйе арқылы борышкердің қажетті критерийлерге сәйкестігі мемлекеттік және өзге де мүдделі органдардың деректерімен автоматты түрде салыстырылатын болады.
Еске салайық, соттан тыс банкроттықты азаматтар тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы борыштар бойынша келесі шарттарға сәйкес қолдана алады:
1. банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар алдындағы борыш 1 600 АЕК-тен аспайды (2023 жылы 5 520 мың теңге);
2. қарыз 12 ай ішінде өтелмеген;
3. мүлік жоқ;
4. қарыздар бойынша банкпен реттеу рәсімі жүргізілген.
Сонымен қатар заңда ерекше жағдайлар қарастырылғанын айта кетейік:
- атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін (12 ай ішінде төлемнің болмауы туралы критерий қолданылмайды);
- берешегі 5 жылдан артық өтелмейтін азаматтар үшін (олар бойынша мүліктің бар-жоғын тексеру және берешек сомасы бойынша шектеулер белгіленбейді).