Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз дәстүрлі брифинг барысында айтты.
Нұрділдә Ораз Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жеке құрамға Жолдауды жүзеге асыру бойынша кеңес өткізгенін айтып өтті.
Ол кеңес барысында сотталғандардың құқықтық жағдайы жақсарып жатқаны айтылғанын жеткізді.Әкімшілік және сотқа дейінгі іс жүргізу электрондық форматқа ауыстырылады. Азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін толық және тиімді іске асыру үшін қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшу мәселесі ерекше бақылауда тұр. Адам құқықтарын қорғау, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жұмыс ІІМ-нің тұрақты бақылауында екені айтылды, - деді ол.
Олардың әлеуметтік бейімделуі үшін жағдайлар жақсаруда, медициналық қызмет көрсету азаматтық денсаулық сақтау органдарына берілді. Министр кеңес барысында мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі критерийі – бұл, ең алдымен, азаматтардың сенімі екенін ерекше атап өтті. Сондықтан ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлық, тәртіп пен заңдылықты бұзу фактілерін жою бойынша қажетті шараларды қабылдау - басты міндеттердің бірі, - деді ол.