Сотталғандарды қайтару: Қазақстан мен Кипр келісімді заңдастырды

Қазақстан мен Кипр сотталғандарды өзара беру туралы заңды бекітті.

 Ақорданың баспасөз қызметі 16 Сәуір 2025 2025, 20:30
16 Сәуір 2025 2025, 20:30
671
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан мен Кипр сотталғандарды өзара беру туралы заңды бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Наверх