Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Жанар Шайдуллина ІІМ-нің брифингінде айтты.
Пенитенциарлық медицина туберкулезді емдеудің тиімділігі жоғары оң тәжірибесін қалыптастырды. Соңғы жылдары алғаш рет туберкулезбен ауыратындар саны 86%-ға азайды.Туберкулезді ерте анықтау және уақытылы емдеу мақсатында ҚАЖ мекемелеріне келіп түсетін барлық адам жылына 2 рет медициналық тексерулер барысында міндетті түрде флюорографиялық тексеруден өтеді, - деді Шайдуллина.
Ол атағандай, сотталғандарды пенитенциарлық жүйеде туберкулезге қарсы емдеу 810 төсекке арналған 3 туберкулезге тергеу изоляторларында жүзеге асырылады.
Сотталғандар мен тергеу қамауындағыларға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту мәселесі бірнеше рет көтеріліп, әртүрлі деңгейде талқыланды. Сотталғандарды медициналық қамтамасыз етуді Денсаулық сақтау министрлігіне беру медицина қызметкерлерінің мекеме әкімшілігінен тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес келеді, - деді ол.