Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы AntikorNews алаңында өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлімдеді.
Алматы қаласы Медеу ауданы №2 аудандық сотының үкімімен бірнеше тұлға сотталды.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік тексеру басқармасының жетекші маманы Б. А. Өтеуловке 12 300 000 теңге пара сомасының 60 еселенген мөлшерінде (205 000 теңге) айыппұл салынды. Сондай-ақ «Effy Assistant» ЖШС брокерлік компаниясының құрылтайшысы С.И. Дюгайға 6 105 000 теңге сомасында пара сомасының 30 еселенген мөлшерінде (205 000 теңге) айыппұл салынды, - деді ол.
Одан бөлек кеден брокерлері А.Б. Өсербаев пен Д. Е. Медведев 2 050 000 теңге және 450 000 теңге сомасындағы пара сомасының 10 еселенген мөлшерінде айыппұл салынды.
Айыппұлдың жалпы сомасы 20 905 000 теңгені құрайды.
Отгулов пен Дюгай кеден брокерлері Өсербаев пен Медведевтің делдалдығы арқылы 3 контейнер көлемінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушының тауарларын жедел тексергені үшін пара алды және берді деген күдікке ілінді, - деп айтты тергеуші Бекайдаров.