Сотқа мас күйде келген: Ақмолада ер адам қамалды

Сандықтау аудандық соты сотты құрметтемегені үшін ер адамға қатысты әкімшілік істі жария түрде қарады.

 видеодан алынған кадр 18 Ақпан 2026, 16:37
18 Ақпан 2026, 16:37
983
Фото: видеодан алынған кадр

Ақмола облысының Сандықтау аудандық сотында сотты құрметтемеген азаматқа қатысты іс жария қаралды. Сот отырысына мас күйде келген тұрғын 20 сағат қоғамдық жұмысқа тартылып, ұсақ бұзақылық үшін 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабы 1-бөлігі (сотты құрметтемеу) бойынша қозғалған.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында сот кент тұрғындарын ашық сот отырысына шақырған. Іс жария форматта қаралды.

Сотта анықталғандай, Г. өзіне қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі) тағайындалған сот отырысына масаң күйде келген. Бұл жайт медициналық сараптама қорытындысымен расталған.

Сот қаулысымен Г.-ға сотты құрметтемегені үшін 20 сағат қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Сонымен қатар, қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін (ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі) оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Талғар аудандық соты физика сабағында партаның үстінен секіріп, дәретханаға шыққан 11-сынып оқушысына қатысты «ұсақ бұзақылық» ісін тоқтатты. Сот құқық бұзушылық құрамы болмағанын және хаттама рәсімдеу кезінде заң талаптары сақталмағанын анықтады.

Наверх