Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Буэнос-Айресте сот өзінің қожайынының өліміне куә болған тотықұстан жауап алды, деп хабарлайды Daily Mail.
Құс полиция қызметкеріне бірнеше сөйлеммен өз қожайынының зорланғанын және өлтірілгенін хабарлаған.
Тотықұс 2018 жылы өлтірілген 46 жастағы Елизавета Толедоның соңғы сөздерінің бірін айтты. Қайтыс болған аргентиналықты оның бөлмесін жалға алған үш жалдаушының екеуі зорлады және өлтірді деп күдіктелуде. Бірі 51 жастағы Мигель Сатуриньо Ролона болса, енді бірі 62 жастағы Хорхе Рауль Альварес. Үшінші жалдаушының өлтіру кезінде оқиға орнында болмағаны белгілі болған.
Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан кезде полиция қызметкері бір әйелдің "Жоқ, өтінемін, мені жіберіңіз" деген айқайын естіген. Бөлмеге келген сәтте ол өлтірілген әйелдің денесі мен торда қамалған тотықұсты көреді.
Жәбірленушінің көршісінің айтуы бойынша, ол біреу оны ұрған кезде тотықұстың "Мені неге ұрдың?" дегенін естіген.
Полиция тотықұс жәбірленушінің соңғы сөздерін қайталады деп санайды.