Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында сот Сәтбаев қаласында орын алған тәртіпсіздікке қатысушыларға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.
Барлығы 55 адамның ісі қаралып жатыр. Оларға «тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға мен қатысуға» және «билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдануға» қатысты айып тағылды. Іс бойынша тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушы ретінде 4 адам өтеді. 45 сотталушы қамауда, ал 10 адам үй қамауында.
Сотталушылар процессуалдық келісім жасасты. Олардың 9-ын прокуратура 3 жылға бас бостандығынан айыруды, 44-ін 4 жылға шартты, екеуін 1,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруды сұрады.
14 мамырда судья Кенжебай Ысқақбаев оларға үкім шығарды.
9 айыпталушыға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олардың үшеуі өз мерзімін төтенше қауіпсіздік колонияларында, қалғандары орташа қауіпсіздік колонияларында өтейді. 44 сотталушы 4 жылға шартты түрде сотталды. Тағы екеуіне 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, 23 шілде күні Сәтбаев қаласында 5 жасар бала жоғалып кеткен болатын. Қыз 62 жастағы күдіктінің пәтерінен табылды. Баланы ұрлау туралы жаңалықты естіген ондаған қала тұрғыны күдіктінің үйіне жазалау үшін барған. Бұл жаппай тәртіпсіздікке алып келген еді.