Қазақстанда Әділет министрлігіне қарасты Сот сараптамасы орталығының басшысы ұсталды. Бұл ақпаратты Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жеңіс Елемесов растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжіліс кулуарында журналистер шенеуніктің ұсталғаны туралы сұрағанда, Елемесов оның бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгенін айтты.
Бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр, сондықтан барлық дерек жарияланбайды. Бірақ Сот сараптамасы орталығының басшысына қатысты қылмыстық іс бар. Ол мемлекеттік қаражатты ұрлау, ысырап ету фактілері бойынша күдікке ілінді. Қазіргі уақытта қамауда отыр, – деді агенттік басшысы.
Кулуарда эымқырылған қаражаттың нақты көлемі тергеу барысында анықталатыны айтылды.