Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында вирустың таралуына жол бермеу үшін сот отырысы онлайн режимде өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.
СОVID-19 таралуына байланысты шиеленіскен жағдайды ескере отырып, таралуына жол бермеу мақсатында сот органдары сот отырыстарын қашықтан онлайн режимде, яғни қол жетімді мессенджерлер арқылы бейне байланыс құралдары бойынша өткізуге шешім қабылдады. Осыған байланысты бүгін Семей қаласы Әуезов ауданының пробация қызметі короновирустық инфекцияның таралуын азайту мақсатында материалды онлайн режимде "Бас бостандығын шектеу" санаты бойынша есепте тұрған сотталған О-ға қатысты видео-конференция байланыспен қарады.Аталған материал 30.12.2019ж. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының шығуына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 62-бабының 3-бөлігі 1-тармағының 2-бөлігінің негізінде үкім заңды күшіне енгенге дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің екі күні үшін бір күн санау үшін жолданған.
Осы материалды онлайн режимде қарау нәтижесі бойынша пробация қызметінің ұсынымы қанағаттандырылды, сотталғанға үкім заңды күшіне енгенге дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің екі күні үшін бір күн есебінен күзетпен ұстау уақыты жаза мерзіміне жатқызылды. Қалыптасқан жағдайға қарамастан пробация қызметі барлық құқық қорғау органдары сияқты өз қызметін лайықты атқаруды жалғастырады.