Сот орындаушылары борышкерден 2 миллион 250 мың теңге алимент өндірді

29 Желтоқсан 2020, 02:19
1090
Бөлісу:
Сот орындаушылары борышкерден 2 миллион 250 мың теңге алимент өндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық сот орындаушылары алимент өндіру жұмысын жалғастыруда. Жаңа жыл қарсаңында бұл бағыттағы жұмыс күшейтілді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы Жеке сот орындаушылары (ЖСО) өңірлік палатасының баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 2016 жылдың мамыр айынан бері алиментке 2,3 млн теңгеге жуық қарыз болған. Осыған байланысты іс қозғалды. 

Борышкердің кәмелет жасына толмаған қызы бар, оны асырап-бағу үшін 2016 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа сотының шешімімен алимент төлеуі тиіс болған. Белгісіз себептермен борышкер оны төлеуден жалтарған. 

Алайда, осы істі жүргізумен айналысқан жеке сот орындаушысы 2 миллион 250 мың теңге көлеміндегі қарызды бірден өтеуге қол жеткізді, - дейді Нұр-Сұлтан қаласы өңірлік палатасы басшысының орынбасары Мадина Жанасаева. 

Нұр-Сұлтан қаласының ЖСО өңірлік палатасы жаңа 2021 жылды қарызсыз қарсы алуға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы