Оңтүстік Кореяда Конституциялық сот премьер-министр Хан Док Суді қызметінен кетіру туралы шешімді қабылдамай тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Енді ол әлі де елдің уақытша басшысы ретінде міндетін атқара береді.
Хан Док Су мемлекет басшысының міндетін небәрі екі апта ғана атқарды. Содан кейін парламент оны да қызметінен босату туралы дауыс берген. Сол уақыттан бастап, Ханның орынбасары Чхве Сан Мок уақытша президенттің міндетін атқарып келді, деп жазады ВВС.
14 желтоқсанда Оңтүстік Корея парламенті Юн Сок Ельге импичмент жариялады – ол елде әскери жағдай енгізген еді. Импичмент күшіне енуі үшін Конституциялық соттың мақұлдауы қажет. Егер сот мақұлдамаса, Юн Сок Ель қызметіне қайта оралады. Үкім шығатын күн әлі белгісіз.
3 желтоқсанда Юн Сок Ель сыбайлас жемқорлық дауы өршіп кеткен соң Оңтүстік Кореяда әскери жағдай жариялады. Ол бұл шешімді «Солтүстік Кореяны жақтайтын, мемлекетке қарсы әрекет етуші күштерді жою қажет» деп түсіндірді. Бірақ бірнеше сағаттан кейін парламент әскери жағдайды жоюға дауыс беріп, бұл бастаманы үкімет қолдады.
Импичмент жарияланғаннан кейін Оңтүстік Кореяның Ұлттық тергеу бюросы президентке мемлекетке опасыздық жасады деген айып бойынша іс қозғады.
15 қаңтардан бастап Оңтүстік Корея президенті қамауда болды. 7 наурызда оны қамаудан босатты.