Сот өгей қызын өлтірген әйелге үкім кесті

18 Наурыз 2024, 11:49
2495
Бөлісу:
Сот өгей қызын өлтірген әйелге үкім кесті
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Бүгін Алматыда 7 жастағы Карина Закураеваның өліміне қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталмыш қылмыстық істің тергеуі жарты жылдан асып кеткен еді. Бүгін осы істің нүктесі қойылды.

Сот отырысы барысында прокурор сотталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұрады.

Сот қылмыстық істі қарастырып, Балжан Тұрлыбекті кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді, - деді Ерлан Болатов.

Еске салсақ, былтыр жазда екі бірдей бүлдіршіннің өлімі елімізді есеңгіретті.  Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек Жолы ауылында көршісі 2018 жылғы қызды айуандықпен зорлап өлтірсе, Алматыда өгей шешесі 7 жастағы қызды өлтірген. 

Өзгелердің жаңалығы