Сот қызметкерлері латын графикасымен диктант жазды

3 Мамыр 2019, 09:44
2844
Бөлісу:
Сот қызметкерлері латын графикасымен диктант жазды

Қызылорда, BAQ.KZ. Қызылорда қаласының №2 сотындада латын графикасын оқып үйрену үшін іс-шаралар жасалуда. Оның бірі – латын әліпбиімен диктант жазу болды. 

"Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын негізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру болып табылады. Диктант жазу алдында іс-шараға қатысушыларға латын әліпбиі таратылды. Қатысушылар қызығушылық пен белсендік көрсетіп, тапсырманы жақсы орындап шықты" - деп хабарлайды Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.

Естеріңізде болса, 26.10.2017 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығын бекітті. Аталған жарлықты орындау үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия құрылған. 

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Үкіметімен қазақ әліпбиін латын  графикасына көшіру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген. Барлық кезеңдерінде, іс-шаралар ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын жүргізумен қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта конференциялар, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, жарияланымдар, бейнеблогтар және т.б. жоспарланған. 

Өзгелердің жаңалығы