Маңғыстау облысында аудандық сот ғимаратының алдында қазақ билеріне ескерткіш ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бейнеу аудандық сот ғимаратының алдында қазақтың атақты үш биі – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билеріне арналған ескерткіш-бюст салтанатты түрде ашылды. Іс-шара ауданныңқоғамдық және саяси өмірінде маңызы зороқиғалардың бірі ретінде аталып өтті.
Салтанатты рәсімге аудан әкімі Рақымжан Шалбаев, аудандық сот төрағасы Еркебұлан Аппасов, аудандық атқарушы және ішкі органдардың басшылары, аудандық мәслихат хатшысы, аппарат басшысы, судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.
Ескерткішті ашқан аудан әкімі Рақымжан Шалбаев қазақ билерінің тарихтағы маңызы мен дала заңын қалыптастырудағы рөліне тоқталып, олардың әділдік пен даналық жолындағы еңбектерін атап өтті. Оның айтуынша, бұлескерткіш – әділдік пен заң үстемдігіне дегенқұрметтің символы.
Аудандық сот төрағасы Еркебұлан Қайратұлы өз сөзінде билердің қазақ құқықтық жүйесін дамытудағы үлесін ерекше атап өтті. Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би тек шешендік өнеріменғана емес, ел басқарудағы даналығымен танылған. Олардың бастамалары ұлттық құқық жүйесініңнегізін қалады. Әсіресе, Төле бидің бірлік пен татулыққа шақыруы, Қазыбек бидің шешендігіарқылы елді сыртқы қауіп-қатерден қорғауы жәнеӘйтеке бидің әділдік жолындағы батыл шешімдерідала заңдарының іргетасын бекіте түсті.
Салтанатты рәсім аудандық көркемөнерпаздардың өнерімен жалғасты. Олар қазақхалқының рухын асқақтатып, ұлттық дәстүрдідәріптейтін ән мен күйден шашу шашты.
Ескерткіштің ашылуы қазақ халқының тарихи мұрасына құрмет көрсетудің жарқын көрінісі болды. Бұл бастама кейінгі ұрпаққа өнеге болары сөзсіз.