Сеулдің орталық аудандық соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы Ким Гон Хиге сыбайлас жемқорлық және алаяқтық айыптары бойынша қамауға алу санкциясын берді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Арнайы прокурордың дерегінше, тыңдау төрт сағатқа созылып, тұтқындауға айыпталушының дәлелдерден құтылу қаупі себеп болған. Бұл – ел тарихында экс-президенттің жұбайына ордер берілген алғашқы жағдай.
Ким Гон Хиге 16 тармақ бойынша айып тағылған, оның ішінде бағалы қағаздардағы алаяқтық, пара алу және сайлау процесіне араласу бар.
Бұрынғы президент Юн Сок Ёль де тергеу изоляторында отыр. Әкімшілік олардың әртүрлі мекемелерде қамауда болуын талап еткен.