Сот Бразилия президентін маска тағуға міндеттеді

24 Маусым 2020, 16:23
1725
Бөлісу:
Сот Бразилия президентін маска тағуға міндеттеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилия соты ел президенті Жаир Болсонаруды қоғамдық орындарда маска тағуға міндеттеді, деп хабарлады Reuters агенттігі.

Сот шешімін орындаудан бас тартқан жағдайда Мемлекет басшысына тәртіп бұзушылықтың әр күні үшін 2000 реал (387 долларға жуық) көлемінде айыппұл салынады.

Айта кетейік, Болсонару бірнеше рет түрлі митингтерге маскасыз келіп, халық алдында коронавирустың қаупін жоққа шығарып келді. Ол сондай-ақ Бразилияның түрлі штаттарында пандемия аясында енгізілген шектеулерді сынға алды.

Еске сала кетейік, Бразилия COVID-19 инфекциясын жұқтырған және індеттен қайтыс болған адамдар саны бойынша әлемде екінші орында тұр. Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметтері бойынша, эпидемия басталғалы бері елде коронавирустың 1 145 906 жағдайы анықталып, 52 645 адам қайтыс болды.
Өзгелердің жаңалығы