Сот әкімшілігінің басшысы ғимарат сыртына тасталған Елтаңба үшін жауапқа тартылды

30 Сәуір 2023, 13:20
873
Бөлісу:
Сот әкімшілігінің басшысы ғимарат сыртына тасталған Елтаңба үшін жауапқа тартылды
Фото: Kursiv.kz

Облыстық полиция Талдықорған қаласындағы облыстық сот ғимаратының жанынан тасталған күйінде табылған Елтаңбаның макеті бейнеленген видеоны зерттеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жауапты тұлғалардың әрекеті әкімшілік заңнамада көзделген құқықбұзушылық деп танылғанын хабарлаймыз. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 418-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес облыстық сот әкімшілігінің Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ бейне авторына азаматтық ұстанымын белсенді көрсеткені және құқық қорғау органдарына осындай құқықбұзушылықтарды анықтауға көмектескені үшін алғыс білдірді.

Өзгелердің жаңалығы