"Сот 20 заң бұзған". Бишімбаевтың апелляция сотында не айтылды?

26 Маусым 2024, 11:34
1438
Бөлісу:
"Сот 20 заң бұзған". Бишімбаевтың апелляция сотында не айтылды?
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Адвокат Ерлан Ғазымжанов Бишімбаевтың сотында 20 шақты заңбұзушылыққа жол берілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ғазымжанов бірнеше сатыда өтетін алқа билерді іріктеу рәсімін еске алды.

Судья (Айжан Құлбаева) өз еркімен шешім қабылдап, қайсысының сотталушымен жасты балалары бар екенін анықтай бастады. 20 үміткердің ішінен төртеуін шығарды. Шығарылған үш үміткердің ұлдары бар еді. Осылайша, судья алқабилер алқасын құру тәртібін бұзбағанда және заң бойынша әрекет еткенде, осы 4 үміткердің ішінен біреу негізгі құрамға кіріп, дауыс берер еді. Үкім басқаша болар еді, - деді Ерлан Ғазымжанов.

Адвокат бұл заңбұзушылық үкімнің күшін жоюға негіз бола алатынын айтады.

Алғашқы сот отырысынан бастап судья айыптау тарапына тиімсіз кандидаттарды алып тастауға көмектесті. Құрам сотталушылардың әділ үкім шығару мүмкіндігі аз болатындай етіп жиналды, – деді Ғазымжанов.

Еске салайық, Астанада Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың аппеляциялық сотында болып жатыр.

Бұған дейін Бишімбаевтың адвокаты сот үкімімен келіспейтінін айтып, "Аса қатігездікпен адам өлтіру" бабын ауыстыруды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы