Сооронбай Жээнбеков жоғалып кетті

8 Қазан 2020, 15:20
2077
Бөлісу:
Сооронбай Жээнбеков жоғалып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековтің қайда екені белгісіз. 

Бұл туралы өзін-өзі Қырғызстанның Ішкі істер министрі деп жариялаған Құрсан Асанов айтты, деп хабарлайды 24.kg.

Шынымды айтайын, қазір басқа мәселелермен басым қатып жатыр. Бішкекті қалыпқа келтіру мәселесімен жүгіріп жүрмін. Өздеріңіз көріп отырғандай, біз кешеден бері ерікті халық өкілдерімен қаладағы жағдайға бақылау жасап, тонаудың алдын алдық. Әрі қарай осы мәселелер бойынша жұмыс істей береміз. Сондықтан басқа құрылымдар Жээнбеков пен басқаларды іздейді деп сенемін, - деді ол бүгін Бішкекте өткен брифингте.

Қырғызстанның шекарашылары елден жоғары лауазымды шенеуніктерді босатпау туралы бұйрық алды. Сонымен қатар шекараны жабу туралы шешім қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда Ішкі істер министрінің экс-орынбасары Құрсан Асанов бішкектік комендант әрі Қырғызстанның Ішкі істер министрі міндетін атқаратын болды. Бірақ министр Қашқар Джунушалиев әлі қызметінен кеткен жоқ.

РИА Новости атап өткендей, Қырғызстан Президенті Бішкекте жағдайды реттеп, заңды жолға қайтару үшін барлық саяси күшпен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы