Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева кеше дүниеден озған қазақ әдебиетінің қара нары Дулат Исабекұлының қазасына қайғыра көңіл айтып, сонау Америкадан елге, жаназасына келе алмайтынына өкініш білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Барша Қазақ халқына қайғырып көңіл айтамын. Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург Дулат Исабеков дүниеден озды. Осыдан 10 күн бұрын Дулат ағама телефон шалған едім. Телефон трубкасын көтермеген соң,қызы Шолпанға хабарласқанда ағамның ауруханаға түсіп қалғанын естідім. Ағама кіріп,жағдайын біліп, бетінен бір сүйіп кетемін бе ойым еді, оған палатасына кіруге рұқсат бермеді. Дулат ағам артына өшпес мұра қалдырды,өшірілмес із қалдырды. Дәл осы уақытта елден алыста болып, ағамды соңғы сапарына да шығарып сала алмай, өзегім өртеніп отырған жайым бар. Дулат ағам менің басымда болған қиыншылығымда да,қызықшылығымда да барлық уақытта маған сүйеу, демеу болды. Үлгі тұтар, ақыл айтар әкемдей болды. Бақұл бол,жан ағам!, — деп жазды Айгүл Иманбаева.