Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түріне жататын арқар аңы Қазақстанда соңғы екі жылда 584 басқа көбейген. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті өздерінің әлеуметтік желілерінде жариялады.
Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түріне жататын арқар аңы Қазақстанда соңғы екі жылда 584 басқа көбейді. Мәселен 2020 жылғы санақ бойынша 18 279 тау қойы кездессе, 2021 жылы 18 863 арқар тіркелген, – делінген жазбада.
Бұл жануар ақпан-наурыз айларында төлдейді. Биылғы қыстың жайлылығына байланысты арқар саны едәуір өседі деп күтілуде.
Айта кетейік, арқар еліміздің таулы жерлері Жоңғар Алатауын, Тарбағатай, Алтайды, Сарыарқа, Қаратау, Қызылқұм шөлін мекендейді.