Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, ТЖМ қызметкерлері соңғы жылдары Түркия, Ауғанстан және Қырғызстанда болған өрт, жер сілкінісі мен сел салдарын жоюға белсене қатысқан.
Бүгінгі таңда Министрлік өрт сөндіру және құтқару бөлімшелерін, әскери қызметшілерді, дәрігерлерді, авиация мен теңіз қызметін, оқыту орталықтары мен ғылыми институттарды, сондай-ақ кадрлар дайындау ошағы Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясын қамтитын заманауи көпсалалы құрылым, – деді Кеген Тұрсынбаев.
Вице-министрдің айтуынша, соңғы жылдары ТЖМ-ға қарасты басқару органдары жаңғыртылып, табиғи апаттардың салдарын азайту және оларға жедел әрекет ету мүмкіндігі артқан.
Жаңартулардың нәтижесінде биыл су басқан елді мекендер саны 95%-ға азайды. Біз цифрландыруға және қауіп-қатерді алдын ала болжауға басымдық беріп отырмыз. Геоақпараттық және спутниктік жүйелерді белсенді енгізіп жатырмыз. Табиғи қауіптерді талдау кезінде жасанды интеллектіні пайдаланып, қауіпті аймақтардың цифрлық карталарын әзірлеудеміз, – деді вице-министр.