Соңғы бес жылда мал шаруашылығы өнімі 47% артты

29 Тамыз 2019, 13:05
2694
Бөлісу:
Соңғы бес жылда мал шаруашылығы өнімі 47% артты
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы бес жылда жалпы мал шаруашылығының өнім көлемі 47% артып, 2018 жылы 2 трлн теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылық министрілігінің жауапты хатшысы Марат Оразаев қой шаруашылығы мамандығының II съезінде айтты. 

Оның айтуынша, мал шаруашылығы Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып қала береді. 

мал1.jpg

“Аграрлық сектордың дамуы әрдайым қоғамның экономикалық және саяси тұрақтылығын айқындаушы фактор болып келеді. Қой шаруашылығы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен рол атқартын мал шаруашылығының дәстүрлі және басым саласы болып қала береді. Қой шаруашылығын дамыту бірінші кезекте шөл және шөлейтті жайылымдарды тиімді пайдалануға, өсірудің қатаң жағдайларына бейімделген генетикалық папуляцияларын құруға, стандартталған бәсекеге қабілетті өнім алуға бағытталған”, - дейді ол.
 
Сонымен қатар ол, соңғы жылдары республикада ет өнеркәсібінің айтарлықтай дамуы байқалғанын жеткізді. 

мал2.jpg

“Соңғы бес жылда жалпы мал шаруашылығының өнім көлемі 47% артып, 2018 жылы 2 трлн теңгені құрады. Сонымен қатар, отандық ет өніміне шетелдің қызығушылығы артып отыр. Мысалы, болжам бойынша 2026 жылға қарай Қытай халық республикасы 218 мың тонна, Еуропа Одағы елдері 172 мың тонна, БАӘ 128 мың тонна, Малазия 46 мың тонна қой етіне тапсырыс береді деп болжануда. Бұл біздің кең байтақ республикамызды қой өсіруге міндеттейтіні анық”, - деді Оразаев.


Өзгелердің жаңалығы