Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Соңғы 5 жылда зейнетақы қанша теңгеге өсті?

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
10 Шілде 2025, 10:31
1359
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Қазақстанда соңғы 5 жылда ең төменгі зейнетақы мөлшері шамамен 20 мың теңгеге өсті. 2021 жылы ең төменгі зейнетақы 43 272 теңге болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 62 771 теңгеге жетті. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі де осы аралықта 13 836 теңгеге артты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл өсім елдегі әлеуметтік төлемдерді кезең-кезеңмен индекстеудің нәтижесі саналады. Төменде 2021–2025 жылдар аралығындағы негізгі зейнетақы төлемдерінің нақты өзгерісі көрсетілген.

2021 жыл

  1. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 18 524 теңге.
  2. Зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 43 272 теңге.
  3. Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 34 302 теңге.​

2022 жыл

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  1. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 18 524 теңге.
  2. Зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 43 272 теңге.
  3. Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 34 302 теңге.​

2022 жылғы 1 сәуірден бастап:

  1. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 20 191​ теңге.
  2. Зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 48 032 теңге.
  3. Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 37 389 теңге.​

2023 жыл

  1. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 24 341 теңге
  2. Зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 53 076 теңге
  3. Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 40 567 теңге.

2024 жыл

  1. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 28 215 теңге
  2. Зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 57 853 теңге
  3. Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 43 407 теңге

2025 жыл

  1. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 32 360 теңге
  2. Зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 62 771 теңге
  3. Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 46 228 теңге

Соңғы 5 жылда Қазақстанда ең төменгі зейнетақы 19 499 теңгеге өсіп, 2021 жылғы 43 272 теңгеден 2025 жылы 62 771 теңгеге жетті. Ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі осы кезеңде 13 836 теңгеге артқан – 2021 жылы 18 524 теңге болса, 2025 жылы оның мөлшері 32 360 теңгені құрады. Осылайша, ең төменгі зейнетақы шамамен 45 пайызға, ал базалық зейнетақы 75 пайызға жуық өсті.

Зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне қатысты статистикалық мәліметтер Электрондық үкімет порталынан алынғанын ескерте кетейік.

Өзгелердің жаңалығы