Соңғы 5 жылда ШОК кредиттері 4 трлн теңгеден 6,3 трлн теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мұндай мәліметті Ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Сенатта «Экономиканың нақты секторын кредиттеуді кеңейту жөніндегі шаралар туралы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде айтты.
Бүгінгі таңда бизнес кредиттер бойынша жоғары мөлшерлемелер және банктердің кепілдікке қойылатын талаптары сияқты мәселелерге тап болады. Осыған байланысты министрлік сыйақы мөлшерлемесінің субсидиялау және ЕДБ кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру түрінде ШОК-тың (шағын және орта кәсіпкерлік) басым салаларына қаржылық қолдау құралдарын іске асырады, - деді Тимур Жақсылықов.
Сөзінше, ЕДБ кредиттері бойынша нарықтағы орташа мөлшерлеме 19,5%.
Кредиттер бойынша субсидиялау шеңберінде мемлекет ЕДБ субъектiлер үшін сыйақы мөлшерлемесін 8%-ға дейін төмендетеді. Кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігіне байланысты мәселені шешу үшін ішінара кепілдік беру құралы іске асырылып жатыр. Соңғы 5 жылда ШОК кредиттері 4 трлн теңгеден 6,3 трлн теңгеге дейін өсті. Бүгінгі таңда мемлекеттік қолдау шараларымен 2,3 трлн теңге сомаға ШОК кредиттері қамтылды. Бұл ШОК несиелері бойынша ЕДБ жалпы портфелінде 40% құрайды. 2019 жылдан бері жобалар саны 9 есеге, ал төленген субсидиялар сомасы 5 есеге өсті, - деп айтты вице-министр Сенатта.