Соңғы 3 жылда балалар мүгедектігі 11,4%-ға өскен

6 Қараша 2024, 09:24
643
Бөлісу:
Соңғы 3 жылда балалар мүгедектігі 11,4%-ға өскен
Фото: Нұркен Алишев - архив

Бүгінгі таңда елімізде мүгедектігі бар 732 мың адам өмір сүреді. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда елімізде мүгедектігі бар 732 мың адам тұрады. Бұл халықтың жалпы санының - 3,6%-ы. Оның ішінде 57%-ы еңбекке қабілетті жастағы адамдар, 27%-ы зейнеткерлік жаста және 15%-ы балалар. Аурулардың нозологиялық формаларының құрылымы бойынша 18 жастан асқан адамдар арасында психикалық бұзылулар (18%), қан айналымы жүйесінің аурулары (17,2%), барлық жарақат түрі (13%) басым. Ал балалар мүгедектігі бойынша жүйке жүйесінің аурулары (26,6%), туа біткен ақаулар (25,1%) және психикалық бұзылулар (22,4%) көбірек кездеседі, - дейді ведомство басшысы.

Министрдің сөзінше, жүргізілген талдауға сәйкес соңғы 3 жылда балалар мүгедектігі 11,4%-ға өскен.

Мүгедектігі бар балалардың құрылымында негізінен 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар басым, - деді Жақыпова.

Өзгелердің жаңалығы