Соңғы 24 сағатта әлемде 917 жер сілкінісі болды

1 Тамыз 2024, 05:17
465
Бөлісу:
Соңғы 24 сағатта әлемде 917 жер сілкінісі болды
Фото: baq.kz

Соңғы 24 сағатта әлемде 917 жер сілкінісі болды. Олардың кейбірінің магнитудасы 5,7 баллға дейін жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

volcanodiscovery зерттеу мамандарының айтуынша, 917 жер сілкінісінің тек төртеуі ғана 5 балл немесе одан жоғары болған. Басқа жағдайларда:

• 36 жер сілкінісінің күші 4-5 балл;

• 3-4 балдық 109 жер сілкінісі;

• магнитудасы 2-ден 3-ке дейінгі 212 жер асты дүмпулері;

• 2 баллдан аз 556 жер сілкінісі.

Соңғы 2,3 магнитудалық жер сілкінісі Италияның Аоста қаласында болды, ал ең күшті 5,7 балдық жер сілкінісін Фиджи тұрғындары бастан өткерді.

Өзгелердің жаңалығы