Сомалиде жанкешті террорист әскери база жанындағы көлікті жарып жіберді

8 Тамыз 2020, 18:27
2376
Бөлісу:
Сомалиде жанкешті террорист әскери база жанындағы көлікті жарып жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сомали астанасындағы әскери база маңындағы жарылыс cалдарынан сегіз адам қаза тапты.

РИА Новости хабарлауынша, Сомали астанасы Могадишодағы әскери базаға жақын жерде болған қатты жарылыс салдарынан сегіз адам қаза тауып, 14 адам жарақаттанған.

Жергілікті Goobjoog News басылымы террорист Варта-Надада округіндегі Сомали әскери базасының жанында миналанған көлікті жарып жібергенін хабарлады. Жарылыс болған маңда стадион мен полиция бөлімшесі орналасқан.

Айта кетейік, сейсенбі күні кешке Бейрут портында да жойқын жарылыс болды. Биліктің хабарлауынша, жарылысқа 2750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болған. Төтенше жағдай салдарынан қала ғимараттарының жартысы бұзылды.

Қазір қайтыс болғандар саны 154-ке жеткен. Оның 25-інің тұлғасы анықталмаған. Сонымен қатар, 60 адам хабар-ошарсыз кеткен.




Өзгелердің жаңалығы