Сомали түбегіндегі елдерге шұғыл көмек көрсетіліп жатыр

25 Мамыр 2023, 20:01
978
Бөлісу:
Сомали түбегіндегі елдерге шұғыл көмек көрсетіліп жатыр

БҰҰ-ға мүше елдер Африкадағы Сомали түбегінде орналасқан мемлекеттерге шұғыл түрде 2,4 млрд доллар бөлуге келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Қаржы қуаңшылықтан туған азық-түлік тапшылығымен күресу үшін қажет.

Құрғақшылықтан Эфиопия, Кения, Сомали және Джибутиде 43 млн адамға ашаршылық қауіпі төнген. Ұйым өкілдерінің айтуынша, жалпы гуманитарлық шараларға 7 млрд доллар қажет. 

Бұл – осы аймақ тарихындағы ең ұзақ қуаңшылық. Түбекте көп жылдарға созылған қарулы қақтығыстардан тұрғындардың жаппай бас сауғалап көшуі белең алған. Азық-түлік тапшы. Осы себепті мен әлем елдерін аймаққа жедел гуманитарлық көмек көрсету үшін қаржылай қолдау білдіруге шақырамын, - деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.

Өзгелердің жаңалығы