Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сонымен қатар, "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің хабарлауынша, екпіні 30 м/с-қа дейін жететін қатты жел соғады.
Түнде 7 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді, 7 сәуірде күндіз , 8 сәуірде тәулік бойы оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.
8 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы түнде 0-8 градус аязға дейін төмендейді, - делінген хабарламада.Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.