Солтүстік Қазақстанда жаңбыр жауып, арты көктайғаққа ұласады

16 Наурыз 2020, 13:12
1073
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда жаңбыр жауып, арты көктайғаққа ұласады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жасады.

17 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі, - делінген хабарламада.

Петропавл қаласында 17 наурызда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.


Өзгелердің жаңалығы