Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Солтүстік Қазақстандағы ауылда мешіт өртеніп кетті

Бөлісу:
 видеодан алынған кадр
VIDEO
Фото: видеодан алынған кадр

Төтенше жағдай 10 ақпанға қараған түні Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Қазанка ауылында болды. Өрт салдарынан жергілікті мешіт ғимараты толықтай жанып кеткен. Өрттің шығу себептері әзірге белгісіз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ауылдың көнекөз қариялары бұл ғимараттың өте ескі болғанын айтады. Кезінде мұнда дәріхана мен наубайхана орналасқан. Көпшілік бала кезінде мектеп оқушылары осы жерге аскорбин қышқылын алуға жүгіріп келетінін еске алады. Кейінірек бұл нысан мешітке айналған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт кезінде зардап шеккендер жоқ. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті әзірге бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Әлеуметтік желілерде ауыл тұрғындары мен жанашыр жандар мешітті қалпына келтіруге қаржылай көмек көрсетуге дайын екендерін білдіруде.

Өзгелердің жаңалығы