Солтүстік Қазақстанда инвесторлардың құқығы қорғалды

2 Мамыр 2024, 17:31
453
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда инвесторлардың құқығы қорғалды

СҚО прокурорларының қадағалау актілері бойынша инвесторлардың құқықтары қорғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура маңызды инвестициялық жобаларды қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Биылғы жылдың басынан бері өңірлік қадағалау органы 50,9 млрд теңгеге инвестиция салуды жоспарлап отырған инвесторлардың 6 проблемалық жағдайын оң шешті.

Мысалы, отандық инвестор «Atameken Agro Oils» ЖШС-і 252 жұмыс орнын ұсына отыра жалпы құны 19,4 млрд теңге болатын «Экстракциялық май өндіру зауытының құрылысының» жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Жобаны жүзеге асыру барысында инвестор кәріздердің ақауы салдарынан өндіріс алаңын су басу мәселесіне тап болды.

Инвестордың қатысуымен фронт-офис жүргізген жұмыс шеңберінде өзекті мәселе қарастырылып, оны шешу жолдары әзірленді.

Қадағалау органының ұсынысы бойынша әкімдік құбырларды ауыстыру шараларын қабылдады, сондай-ақ кәрізді қайта қалпына келтіруге қосымша 100 млн теңге қаражат бөлді.

Басқа жағдайда («EMS Agro» ЖШС және «Eurasian Milk» ЖШС) инвесторлардың жолданымдары бойынша жұмсалған инвестициялық шығындарды өтеу бойынша өтінімдерді қарау мерзімдерін бұзу анықталды.

Жергілікті атқарушы органның қадағалау және үйлестіру шаралары арқасында инвесторларға 1,2 млрд теңге көлемінде төлем жасалды, бұл оларға жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруға мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда 31 инвестициялық жобаны қолдау жалғасуда және облыстық прокуратураның бақылауында.

Қадағалау органы егер Сіз инвестор болсаңыз және жобаны жүзеге асыруда қиындықтар туындаса кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ арқылы прокуратура қызметкеріне тікелей хабарласуға болатындығын (байланыс нөмірі +7-705-842-73-06) еске салады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы