Солтүстік Қазақстанда 7 медициналық нысанның құрылысы басталды

26 Шілде 2023, 06:26
838
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда 7 медициналық нысанның құрылысы басталды
Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырыла бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық жоба екі жылда ауылдарды, оның ішінде шалғайдағы жету қиын ауылдарды медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді, аудандық ауруханаларды көп бейінді медициналық мекемелердің деңгейіне дейін жаңғыртады және ауылдағы медициналық көмектің басқа да бағыттарын жетілдіреді, сондай-ақ 655 медициналық объектінің құрылысын көздейді.

Бүгінгі таңда 99 медициналық объектінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын (ҚМЖ) жүргізуге қаражат бөлінді.

СҚО-да ұлттық жобаға сәйкес 7 МСАК объектісі бойынша құрылыс жоспарланған.

Осыған байланысты облыста барлық 7 медициналық объектіде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Бұл Ғабит Мүсірепов атындағы Тахтаброд және Привольное ауылдарындағы фельдшерлік-акушерлік пункттер, Жамбыл ауданының Кладбинка ауылындағы медициналық пункт, Қызылжар ауданының Якорь және Прибрежное ауылдарындағы, М. Жұмабаев атындағы ауданның Қарақоға және Возвышенка ауылдарының дәрігерлік амбулаториялары.

Өзгелердің жаңалығы