Солтүстік Қазақстан облысында су деңгейі төмендеп келеді

28 Сәуір 2024, 21:13
435
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстан облысында су деңгейі төмендеп келеді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Сергеев су қоймасынан аққан су 2 метр 9 см құрайды. өткен тәулікте оның деңгейі 30 см-ден артық төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Есіл ауданы Покровка ауылының гидробекетінде Есіл өзенінінің су деңгейі тәулігіне 37 см-ге, Новоникольское - 20 см-ге төмендеді, яғни онда су тасқынының екінші толқынының шыңы өтті. Петропавл қаласында да су деңгейі тәулігіне 11 см төмендеп келеді, - деді СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Нақтыланған мәліметтер бойынша, су тасқыны басталғаннан бері СҚО-да 3898 үй су астында қалды, қазір 267 үйден су кетті. Қазіргі уақытта облыс бойынша 3631 үй және 1116 тұрғын үй маңынгдағы аула су астында қалды. 13624 адам эвакуацияланды, оның ішінде 3396-ы бала. Қазіргі уақытта халықты уақытша орналастыру пункттерінде 906 адам бар, оның ішінде 159-ы бала. Қалғандары туыстарында орналастырылған.

Қазір жеке құрамнан 387 адам, 42 бірлік техника, 15 мотопомпа, 12 жүзу құралы және 2 тікұшақ қалды. Біздің топтардың күштері Есіл және Қызылжар аудандарында, Петропавл қаласында шоғырланған, - деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы