Солтүстік Корея шетелдік туристер үшін шекарасын қайта жапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ВВС таратқан мәліметке сәйкес, КХДР шетелдік туристерге бес жылдық оқшауланудан соң шекарасын қайтадан ашқан болатын. Алайда 2020 жылдың басында COVID-19 вирусы таралуының алдын алу үшін шекарасын жапқан еді. Одан соң Қытайдан өз азаматтарының елге заңсыз өтуін болдырмас үшін солтүстіктегі шекарасын бойлай қорған тұрғызды.
2025 жылы ақпанда ҚХДР шетелдік туристерге елдің солтүстік-шығысында орналасқан Расон қаласына баруға рұқсат етті. Бірнеше шетелдік туроператор ол жерге саяхатшылардың кішігірім тобын жіберіп үлгерген. Алайда 5 наурыздан бастап туристік компаниялар белгісіз себептерге байланысты шекараның қайта жабылғанын айтты.
Оқи отырыңыз: