Солтүстік Корея Ресейге әскери көмек көлемін күрт арттырған, деп хабарлайды BAQ.KZ Online.ua агенттігіне сілтеме жасап.
Қаңтар және ақпан айларында КХДР Ресейге қосымша шамамен 3 000 сарбаз жіберген. Сонымен қатар, зымырандар, артиллериялық жүйелер және оқ-дәрілер жөнелту артқан. Бұл мәліметтер Оңтүстік Кореяның әскери барлау қызметі мен Ұлттық барлау қызметіне (NIS) сілтеме жасай отырып таратылған.
Жеткізілген әскери техника: Қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымырандар, 170 мм өздігінен жүретін гаубицалар, 240 мм реактивтік жүйелердің 220 бірлігі.
Солтүстік Корея жалпы 11 000-ға жуық әскери қызметкер жіберген, олардың шамамен 4 000-ы қаза тапқан немесе жараланған. Бұл — КХДР әскерінің Корей соғысынан (1950–1953) кейінгі алғашқы ірі қақтығысқа қатысуы. Оңтүстік Корея барлау қызметі шығынды солтүстіккореялықтардың заманауи соғысқа бейімделе алмауы және орыс командирлерінің тактикалық қатігездігімен түсіндіреді — оларды оқ жаудыру қолдауынсыз шабуылға жіберу жағдайлары тіркелген.
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын жақында Пхеньянда Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесуінде Ресейдің Украинадағы соғысына толық қолдауын білдірді. Кездесу барысында екі ел өткен жылы қол қойылған өзара қорғаныс жөніндегі келісімді растады.